Бердібек Сапарбаев Елбасы қабылдауында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев Елбасы қабылдауында болды

29.12.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар баяндалды. Қиындыққа қарамастан, биыл аймаққа 368 миллиард теңге инвестиция тартылады. Елбасы «Қамқорлық» бастамасын қолдап, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін әкімге ризашылығын білдірді.   

Ақниет Балтанова  


Хабарламаларға жазылу