Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты қабылдады

30.05.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Ол өзі қызмет атқарған Жамбыл облысында орындалып жатқан Президент тапсырмаларының нәтижесін баяндады. Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға бағытталған «Асар», «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» және «Бейбітшілік пен келісім» атты жобалар жайлы айтты. Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу мәселесі де талқыланды. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу