Көкшетау техникалық институтының курсанттары ардагерлерді құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау техникалық институтының курсанттары ардагерлерді құттықтады

08.05.2019

Құрмет көрсетудің әдісі ерекше. Жоғары оқу орнының оркестрі ардагерлер тұратын аулаларды аралап, әскери әуендерді орындады. Қазір Көкшетауда ІІ Дүниежүзілік соғыстың 15 қатысушысы қалды. Курсанттар олардың барлығына барып шықты.

Ал, облыс бойынша 51 ардагер бар. Асылбек Даулетов 1943 жылы әскер қатарына алынып, қолына қару алған. Румынияны, Венгрияны, Австрияны азат етуге қатысқан. Ол өзін құттықтауға келген жастармен емен-жарқын әңгімелесті. Сұрапыл соғыс уақытындағы естеліктерімен, майдан даласындағы оқиғалармен бөлісті. Курсанттар мен аулада ойнап жүрген балалар ардагер атасына алғыстарын жеткізді.

Асылбек Даулетов, соғыс ардагері:

- Бүгінгі жастар сауатты. Жастарды қошеметтеу керек, жастарға ақыл беру керек.

Әділет Серік, Көкшетау техникалық институтының курсанты:

- Біз Көкшетау техникалық институтының курсанттары және Көкшетау қаласының жастары осы ардагерлерді ардақтаймыз. Осы ардагерлердің біз үшін жасаған еңбектерін түсініп, ақтап, еліміздің дамуына үлесімізді қосып, патриоттық сезімімізді жоғары деңгейде көрсетеміз деген сенімдемін.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу