Халықтық коалицияның белсенділері ардагерлерді мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтық коалицияның белсенділері ардагерлерді мерекемен құттықтады

26.10.2022

Тараз қаласында Халықтық коалицияның белсенділері Мәскеу, Сталинград, Минск маңындағы шайқастарға қатысқан Екінші Дүниежүзілік соғыстың 100 жастағы ардагері Мұсахан Бердібаевты мерекемен құттықтай барды.

Сондай-ақ, кандидаттың Қарағандыдағы өңірлік штабының мүшелері облыстың құрметті ардагерлері Григорий Презент пен Нұрсахан Бейсенбекованы ұлттық мерекемен құттықтады. Еске салайық, барлық облыста 226 өңірлік және аудандық қоғамдық штаб ашылды. Олардың жұмысына кандидаттың сенімді өкілдері мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысады. Штаб құрамына 6 мыңнан аса адам кірді.

Уәлихан Байдуанов, кандидаттың Тараз қалалық қоғамдық штабының жетекшісі:

Штаб пен Халықтық коалицияның атынан ардагерді Республика күнімен құттықтадық.


Хабарламаларға жазылу