Алматылық студенттер ардагерлерді құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық студенттер ардагерлерді құттықтады

08.05.2019

Алматылық студенттер Отан қорғаушылар күніне орай соғыс және тыл ардагерлерін құттықтады.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен шараға 50-ге жуық ардагер қатысып, сұрапыл соғыста қаза тапқандардың рухына тағзым етті. Осыдан кейін олар Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл майдангердің барлығы -  соғыстан соң осы оқу орнында жұмыс істеген азаматтар. Қиын кезеңде елге қызмет етіп, халыққа білім беру ісімен айналысқан. Бүгінде көпті көрген қариялар жастарға ақыл-кеңестерін айтып, ақ баталарын берді. Ал, тәлімгерлер мен оқытушылар патриоттық әндерді шырқап, ерлік пен өрлік тақырыбында өлеңдер оқыды. Сахналық көріністер арқылы соғыстың қасіретін жеткізді.

Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан 1-ақ ардагеріміз қалды. Барлығымыз басымызды иіп, осы бүгінгі бейбіт күннің құдыреті осы ардагерлердің арқасы екенін біз жүрегімізбен сезініп, ардагерлерімізге деннің саулығын тілейміз.

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу