Мемлекет басшысы Алматы қаласында ардагерлерді құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Алматы қаласында ардагерлерді құттықтады

09.05.2018

Бүгін - 9 мамыр Жеңіс күні! Сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 2 млн-ға жуық азамат қатысып, соның жартысынан астамы елге оралған жоқ. Сұрапыл соғысқа қатысқан барлық отандасымыз ерлік көрсетті. 500-ден астам адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бүгін осы Жеңіс күніне орай Мемлекет басшысы Алматы қаласында ардагерлерді құттықтады. Тілшіміз Ғабит Ұзақбай қазір 28 Панфиловшылар саябағынан тікелей байланысқа шықты.

Бүгін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 73 жыл. Бүгін - Жеңіс күні. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы 28 Панфиловшылар саябағына келіп, соғыста опат болғандарға тағзым етті, гүл шоғын қойды. Сонымен қатар, барша қазақстандықтарды және ардагерлерді бүгінгі Жеңіс мерекесімен құттықтады.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу