Таразда әуесқой футбол командалары арасында өңірлік чемпионат басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда әуесқой футбол командалары арасында өңірлік чемпионат басталды

08.05.2019

Біріншілікке Тараз қаласы мен облыстың он ауданынан 18 команда қатысады. Облыс басшысы бұл тек жарыс пен жеңіс үшін ғана емес, аймақта спортты насихаттап, футболды дамытуға септігін тигізетін шара екенін атап өтті. Аймақтық чемпионат іріктеу және шешуші кезеңдерден тұрады. Іріктеу кезеңі мамырдан қыркүйекке дейін, ал екінші кезең қазан айында өтеді. Жеңімпаз командаға арнайы кубок табысталмақ.

Арнат Әйтімбетов, турнир қатысушысы:

- Меркеден келдік. Командалардың барлығы осы маусымға ерекше дайындықпен келгені көрініп тұр. Біз жеңеміз деп үміттенеміз, бірінші орынды алу үшін барымызды саламыз. Алыстан осы ойынға қатысу үшін келген барлық командаларға алғысымызды айтамыз.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу