Футболдан Әлем чемпионаты басталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионаты басталды (ВИДЕО)

13.06.2014
Футболдан Әлем чемпионаты басталды (ВИДЕО)
Бразилияның Сан-Паулу қаласында  футболдан 20-шы Әлем чемпионаты басталды.
 
Айтулы шараның ашылу салтанаты  «Коринтианс» стадионында өтті. 25 минуттық шарада  600 әртіс өнер көрсеткен. 
 
Турнирдің ресми әнұранын  америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес орындады.
 
Алғашқы ойынды Бразилия-Хорватия құрама командалары өткізді. Бразилия командасы 3:1 есебімен ұтты.
 
Әлемдік чемпионат 14-шілдеге дейін жалғасады. Ал, соңғы матч Рио-де-Жанейродағы «Маракана» алаңында өтеді.
 
Футболсүйер қауым дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналған 32 футбол командасының ойынын тамашалайды.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу