Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет регбиден чемпионат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет регбиден чемпионат өтті

16.10.2014
Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет регбиден чемпионат өтті

Финалда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командалары кездесті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Кездесу 10:0 есебімен аяқталып, сәйкесінше, ҚР ҚК регбиден тұңғыш чемпионат кубогын «Шығыстық» спортшылар жеңіп алды. Екінші орында – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы. Қапшағай қ. десанттық-шабуылдау бригадасының регбишілері үшінші орынды иемденді.

«Чемпионат жоғары спорттық-техникалық деңгейде өткізілді, және регбидің жеке спорт түрі ретінде ҚР Қарулы Күштердің жеке құрамын даярлауда маңызы өте зор», - деп атап өтті Дене даярлығы және спорт басқармасының бастығы полковник Б.Төленов.

Хабарламаларға жазылу