Таразда футбол спорт мектебінің шәкірттері флешмоб ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда футбол спорт мектебінің шәкірттері флешмоб ұйымдастырды

18.06.2014
Таразда футбол спорт мектебінің шәкірттері флешмоб ұйымдастырды
Футбол додасына жұртшылықтың қызығушылығын арттыру мақсатында  Таразда ауқымы кең акция өтті. Футбол спорт мектебінің шәкірттері флешмоб ұйымдастырып, соңынан жасыл алаңда спорттық шеберліктерін көрсетті. 
 
Шараға орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен медицина қызметкерлері қатысты. Бүгінгі таңда шаһарда 14 мыңға жуық жеткіншек футболмен шұғылданса, 12 әуесқой футбол клубы жұмыс істейді.
 
Шараны ұйымдастырушылар жастарды акцияға қатыстыра отырып, бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу