Арал тұзының экспорттық әлеуеті артуда
90 жылдық тарихы бар зауыт жақында қайта жөндеуден өтті. Тұздың сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен қондырғылар жаңаланды. Испандық технология бойынша тұзды өңдеп, байытатын тағы бір цех салынды.
Жылдан-жылға алыс-жақын шетелдерден отандық өнімге сұраныс артып келеді. Аралдың тұзын тұтынуға ниеттілер қатарында іргедегі көршілерден басқа Қытай, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері де бар.
Зауыт басшылығының айтуынша, сұранысты өтеуге күш-қуат пен шикізат жеткілікті. Ең бастысы, Еуразиялық экономикалық одақ аясында экспорт көлемін көбейту көзделуде.
Мұқан Мырзақұлов, зауыт директорының орынбасары:
Бүгінгі күні мына украиналық цех тәулігіне 250 тонна шығарады, ал испандық цех – 180 тонна. Болашақта испандық цехты 250 тоннаға жеткізіп, украиналық цехты 300 тоннаға жеткізбекшіміз. Сонда күніне 500 тоннаға дейін шығарамыз деген ойдамыз. Біздің тұздың сапасы өте жоғары, дәмі де басқаша.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18