«Жас келсе іске» . Жамбыл облысы Меркі ауданында осындай атаумен еңбекші жастар форумы өтті. Шараға сан-салада еңбек етіп жүрген 160-қа жуық жас қатысты. Аймақтағы белсенді жастармен пікір алмасып, дәріс оқуға өз ісінің майталмандары шақырылған.
Олар алдымен жастарға мотивациялық кеңес беріп, әрбір қатысушыны жеке тыңдады. Қолдау көрсетіп, белсенді өмір сүрудің қыр-сырын үйретті. Аймақта кәсіподақ мүшелерінің саны 120 мыңнан асады. Олардың үштен бірі – жастар. «Сондықтан да еңбеккер жастармен тығыз жұмыс істеп, әрі қарай дамып отыруға жағдай жасауға тиіспіз», - дейді ұйымдастырушылар.
Ерлан Сайыров, ҚР Кəсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:
- Бүгінгі таңдағы жас еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау, оларды сапалы еңбекке бейімдеу мәселесі Қазақстанда өте өзекті. Осындай форумдар биыл Кәсіподақ федерациясының басшылығымен еліміздің барлық өңірлерінде өтетін болады.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ