Нәтижесінде 300 мың қызметкердің айлығы өсті. Дегенмен, өңірде жалақы қарызы бойынша мәселе бар. Бұл жөнінде облыс әкімі Ерлан Қошанов Еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қарағанды аймағында қызметкерлерінің айлығын төлемеген 9 кәсіпорын бар, қарыз сомасы - 140 миллион теңге. Бұл мәселені шешу үшін тиісті іс-шаралар қабылдануда.
Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова ешқандай еңбек дауына жол берілмеу қажеттігін ескертті. Кәсіпорындар еңбек қауіпсіздігін арттырып, жұмысшылардың құқығын қатаң сақтауы қажет. Жалақы мерзімді беріліп, ешқандай еңбек дауларын болдырмау маңызды. Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестікті нығайту арқылы, табысы аз қызметкерлерді жан-жақты қолдау керектігі айтылды. Өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары бастамалардың барлығына қолдау білдірді.
Ербол МӘНДІБЕК