Қостанай облысындағы бірнеше өзен-көлде балық қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы бірнеше өзен-көлде балық қырылды

18.04.2019

Олардың жалпы көлемі 400 келіден асады. Қазір өлген балықтар жиналып, арнайы орындарға көмілді. Судан, өлі балықтан зертханалық сараптама жасау мақсатында сынама алынды. Алайда, әлі қорытындысы шыққан жоқ.

Мамандардың болжауынша, өзен-көлдің бетін биыл қалың мұз жапқандықтан, балықтар оттегі жетпегеннен өлуі мүмкін. Себебі ақпан айында Жангелдин ауданындағы Қабырға өзенінде осындай қауіп байқалған. Қырылған балықтың басым бөлігі де осында.

Таңат Смайлов, балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Әкімдіктің табиғатты пайдалану басқармасына ұсыныс жасадық. Мұз ерігенге дейін тиісті іс-шараларды жүргізіп, балық қырылу жағдайының алдын алу туралы. Сол іс-шара басқарма тарапынан орындалған жоқ. Егер алдын алғанда, мұндай жағдай болмас еді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу