Велосипед жүргізушілеріне жаңадан ережелер орнатылып, веложолдар төселеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велосипед жүргізушілеріне жаңадан ережелер орнатылып, веложолдар төселеді

17.04.2019

Велосипед жүргізушілеріне жаңадан ережелер орнатылып, веложолдар төселеді.  Ішкі істер департамент өкілдерінің қатысуымен «Жол ережелерін сақтау» жөнінде арнайы брифинг өтті. Маусымның ашылуына байланысты веложүргіншілердің қала жолдарында келеңсіз оқиғаларға тап болмауы үшін  шаралар жасалды.

Велоспортшылар саны былтырғы көрсеткіштен  10 пайызға еселеген. Осы себепті де биыл елорда да веложолдар шақырымы артады. Былтырдан бастап веложолдар төсеуге 5 жылдық жоспар құрылған болатын.

Елордада велосипедпен жүретіндердің қатары жыл сайын артып келеді. Алайда, олар көлік жүргізушілерінің алдында дәрменсіз. Жол - ортақ болғанымен, автокөлік тізгініндегілердің түсінігі басқа. Велосипед мінгендерді «өгейсініп», кейде тіпті жүйткіген тұлпарларымен  жолдан ысырады.

Нұржан Әубәкіров, Нұр-Сұлтан қаласының балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв дайындау мектебінің басшысы:

Көлік жүргізушілер өздерін жолдың иесі сезінеді да, а веложүргізушілерді екінші тараптағы адам деп ойлайды. А негізгісінде велосипед те тура сол сияқты жол иесі.

Былтыр жолда кетіп бара жатқан велосипед жүргізушісі көз жұмды. Жол ережелерінің бұзылуы салдарынан 2 жыл бұрын тағы 3 адам қайтыс болған. Заңбұзушылықтар екі тараптан да бар. Дегенмен, жол мәдениетін көбінесе автокөлік жүргізушілері сақтамайды, мамандар. 

Бақыт Құрманғалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

Автокөлік жүргізушілерінің велосипед жүргізушілеріне қатысты жол ережелерін бұзу фактілері көп. Сол себептен, велосипед тепкендерге құрметпен қарауларын сұраймыз. Ал 14 жасқа толмаған балаларға жолда велосипедпен жүруге  мүлдем рұқсат жоқ. 

Былтырдан бері жол ережелерінің талаптары өзгерген болатын. Яғни жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда веложүргізушілерге да жүруге рұқсат етілді. Сондай-ақ, былтыр Нұр-Сұлтанда 54 шақырым арнайы велосипед жолдары да салынды.

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Еңселі Елорда үлкейіп келеді. Автокөлік те көп. Бас қаланың экологиялық аухалын жақсарту үшін велосипедтің ықпалы зор. Бірақ, оны тізгіндейтіндер ережелерді ескерген абзал. Мысалы, жолдан өтпес бұрын, велокөлігіңізден түсу қажет. Қарапайым қағида. Бірақ, осы қарапайым талаптың артында сіз бен біздің тағдырымыз тұрғанын көпшілігіміз елей бермейміз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу