Мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру баяу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру баяу

17.04.2019

Мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру баяу. Мамандардың да өз міндеттерін тиісті деңгейде атқаруы көңіл көншітпейді. Одан қалса стандарттар мен уақыт тәртібі негізделмеген. Ал Елбасы мемлекеттік қызметтің 2020 жылға қарай 90% электронды форматқа көшірілуін талап етті. Сол үшін де бюджеттен қыруар қаржы бөлініп жатыр.

Бірақ, мемлекетаралық органдар интеграциялық тұрғыда әлі де жүйеленбеген. Былтыр ақпараттық жүйеде 1621 сағат іркіліс болған. Бұл бір күнде құзырлы мекемелердің 6 сағат жұмыс істемегендігін білдіреді. Цифрландыруға бет бұрғанмен 2000-нан астам елдімекен ұялы байланыспен қамтылмапты.

Сондықтан, Мәжілісте мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданбады. Депутаттар әлі бірнеше оқылымда қаралуы тиіс деп отыр. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Қазақстандағы әрбір азаматтың өміріндегі барлық қажеттілігі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша реттеледі. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету заман талабына сай, жаңарып отыру керек. Сонымен қатар, сапасы жоғары және қолжетімді деңгейде болуы тиіс. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу