Қарағанды облысында Күн электр станциясы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында Күн электр станциясы іске қосылады

15.04.2019

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіндегі Күн электр станциясы маусым айының аяғында алғашқы электр энергиясын өндіре бастайды.   Геологиялық және климаттық жағдайы ыңғайлы болғандықтан, дәл осы жерге қуаттылығы 50 мегаваттық станция салу туралы шешім қабылданған.

Қазір 120 гектар аумақ қоршалды. Жақын арада 150 мың панель қойылып, станциялар іске қосылады. Мұнда өндірілетін энергия электр тоғын тарату компаниясының желісіне жіберіледі. Жоба құны 55 миллион еуро тұрады. Оны жүзеге асыруға неміс компаниясы инвестиция құйып отыр.

Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:

Саран қаласында 100 мегаваттық электр станциясының құрылысын осы инвестормен бітірген болатынбыз. Қазіргі кезде осы инвестор біздің инвестклиматымызға сеніп екінші жобасын жүзеге асырайын деп жатыр. Осы еуропалық инвесторлармен 500 миллионға келісімге қол қоятын боламыз осы баламалы энергия жөнінде. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу