Өзбекстанда алғашқы жел электр станциясы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда алғашқы жел электр станциясы іске қосылады

20.12.2023

Өзбекстанда алғашқы жел электр станциясы іске қосылады. Қазір Науайы облысының Тамды ауданында нысанның турбиналары сынақ режимінде жұмысын бастады. Жалпы қуаттылығы 500 МВт болатын нысанның құрылысына біріккен Араб Әмірліктері инвестиция құйған. Жобаның құны - 600 млн доллар. Энергиялық ресурстардан тапшылық көріп отырған Өзбекстан алдағы уақытта электр қуатын өндіруді 50 пайызға арттыруды көздейді. Осы мақсатта 18 күн және жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Олардың бірқатары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Соңғы үш жылда энергетика саласын дамытуға 8 млрд доллар инвестиция тартылған.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу