Қар барысына қауіп қайдан келді? Ұлттық арна тілшілері Тянь-Шань тауына экспедицияға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қар барысына қауіп қайдан келді? Ұлттық арна тілшілері Тянь-Шань тауына экспедицияға барды

12.02.2019

Елімізде Қызыл кітапқа енген сирек аң - қар барысын қорғап, санын көбейту ісі қолға алынды. Дүниежүзінде алғаш рет іске асатын жобаны табиғат жанашыры Нұрәлі Әлиев құрған «Snow Leopard Foundation» халықаралық қоры қаржыландырып отыр. Соңғы 30 жылда Қазақстандағы қар барысының саны екі есеге кеміп кеткен. Оларға «қауіп қайдан келді» деген сауалға құрамында тілшіміз Ғабит Бөкенбай мен оператор Олжас Берікбаев бар түсіру тобымыз жауап іздеп, Тянь-Шань тауына екі күндік экспедицияға барып қайтты. Ғылымға беймәлім, жұмбақ жыртқыш ілбіс туралы эксклюзивті репортажымызды ертең назарларыңызға ұсынамыз.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу