Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қайда орналасқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қайда орналасқан

27.05.2021

Саяхатшылар жоғалған жер Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Тянь-Шань, Қаржантау, және Талас Алатауы тауларының түйіскен жерінде орналасқан. Шымкентке жақын, арақашықтығы 70 шақырым. Жер көлемі 149 мың гектар. Жазық далалы шөлейттен бастап биік таулы жерге дейін 7 табиғи зона бар. Өсімдік түрлері мен жануарлар әлеміне бай. Парк Түркістан облысының Төле би, Қазығұрт және Түлкібас аудандарын қамтиды. Қорықтағы ең биік шың Сайрам, оның биіктігі 4236 метр. Таулар мен өзендер, сарқырамалар мен көлдер көп. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу