Шымкенттегі ірі базарларда қызмет көрсету бұрыштары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі ірі базарларда қызмет көрсету бұрыштары ашылды

29.01.2019

Шымкент қаласындағы ірі базарларда операторсыз қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Енді базарда сауда-саттық жасайтын азаматтар мен тұрғындар өздеріне қажетті түрлі анықтама қағаздарын осы орталықтан ала алады. Ол үшін электронды цифрлы қолтаңбасы болса болғаны. Оларға «Электронды үкімет» порталы және телеграмм-бот мобильдік қосымшасы арқылы 509 қызмет түрі көрсетіледі. Қызмет көрсету бұрышы ашылған бір ғана «Қырғы» базараның өзінде 3 мың адам тұрақты жұмыс істейді. Сондай-ақ, орта есеппен күнделікті 28 мың тұрғын базар-ошар жасайды. Мұндай орындар енді шаһардағы тағы 4 базардың аумағында ашылатын болады. Бұл жаңашылдық ең алдымен азаматтардың цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға және сыбайластықты болдырмауға сеп жасамақ. Жалпы, мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету бойынша Шымкент қаласы бүгінгі таңда еліміз бойынша алдыңғы орында. Былтыр жалпы алғанда қызметтердің 86 пайызы электронды нұсқада жүргізілген. 

Мәдина Исабекова, базар сатушысы:

- Осы жердегі қызметкерлер көмектесті. 5 минуттың ішінде өзіме қажетті мекенжай анықтамасын алдым. Ешқандай кезек күтпейсің. Ешқайда жүгірмейсің. Базардың ішінде. Өте ыңғайлы.

Әли Көмекбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы:

- Базармен шектелмейтін шығармыз. Адам көп жиналатын жерлерге десантты жолдап, осылай жұмыс жүргізссе, соған сәйкес шешім қабылдаймыз.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу