Ақтөбеде құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды

17.07.2017

Бұл – еліміздің Бас прокурорының бастамасымен облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба. Мақсат - мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына деген халықтың сенімін күшейту. Тұрғындардың мүдделерінің қорғалуын және «бір терезе» қағидаты бойынша сапалы құқықтық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету. Мұнда прокуратура,  Ішкі істер органдары, Әділет департаменті, облыс әкімдігінің қызметкерлері және қорғаушылар мен медиаторлар тегін кеңес береді. Электрондық кезек жүйесі орнатылған.  

Хабарламаларға жазылу