Шымкент қаласында «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды

22.11.2023

Халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында бүгін Шымкент қаласындағы екі емхананың ішінен «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды. Оның құрамында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, Халық кеңесі, тренинг орталықтары, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі бөлмесі, денсаулық мектептері бар. Енді медицина қызметкерлері осы құрылымның көмегімен науқастарды емдеу, ауруға қарсы профилактика жасаумен бірге халықтың әлеуметтік жағдайын да зерделеуге көмектеседі. Әеуметтік мұқтаждықтары бар, өмірде түрлі кедергілерге ұшыраған азаматтарды оңалту үшін тиісті органдармен бірлесе жұмыс атқарады. Қазір шаһардағы 56 емхананың төртеуінде осындай орталықтар жұмыс істейді.

Нұрлыбек Асылбеков, Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Социалды қызметкерлерді көбейтіп жатырмыз. Мультидициплиналық топ деп отырмыз, солар жағдайы түзеліп, орныққанға дейін қадағалаймыз. Олардың арнайы тіркеу кітапшалары болады. Соған барлық тарихы жазылып, біткенше жұмыс жасайды.

Ғани Қалмаханов

шымкент

Хабарламаларға жазылу