Павлодарда цифрлық қызмет көрсету орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда цифрлық қызмет көрсету орталығы ашылды

27.12.2018

Елімізде халыққа қызмет көрсететін 6-шы цифрлық орталық ашылды. Енді Павлодарлық тұрғындарда электрондық мемлекеттік қызметтерді оператор мамандардың қатысуынсыз өз бетінше ала алады. «Open Pavlodar» цифрлық қызметтер орталығының жұмысы толық автоматтандырылған. Осы жерде аймақтағы мемлекеттік органдардың фронт-офистері жұмыс істейді. Қазір республикамызда 740-тан аса мемлекеттік қызмет түрлері бар. Солардың 455-і электронды түрде көрсетіледі. Жаңа орталықта сандық технологияның көмегімен электронды цифрлық қолтаңбадан бастап мемлекеттік қызметтерді алудың барлық түрін кез келген адам үйрене алады.

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

- Ол - тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды арттыру.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу