Алматыда қоғам белсенділері мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын қадағалап, тексеру жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғам белсенділері мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын қадағалап, тексеру жүргізді

04.01.2019

20 желтоқсаннан бүгінге дейін жалғасқан жұмыстардың нәтижесінде өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын оңтайлы әрі тиімді атқаруға деген сана-сезімнің өзгеруіне ықпал етеді. Сондықтан, болашақта үлкен мерекелерде осындай шараларды өткізу жоспарланған. «Бұл жемқорлықтың төмендеуіне сеп болады», дейді мамандар.

Дәурен Бабамұратов, Алматы қаласы Қызмет істері департаментінің жанындағы арнайы мониторинг тобының жетекшісі:

- Мемлекеттік қызметте істейтін азаматтар қызмет барысында 2 айлық есептік қызметтік көрсеткіштен асатын сыйлық алған жағдайда, бұл қылмыс деп саналады. Сондықтан, бірлесіп жұмыс жасаудамыз. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында жұмыстар атқарылды. Алматы қаласы Қызмет істері департаменті осы бағытта арнайы роликтер түсірді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу