Қажырлы еңбек табысқа жетелейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында масылдық психологиясынан арылып, адал еңбек құндылығын орнықтыру мәселесін көтерді. Әсіресе мемлекет көмегіне сүйеніп өмір сүруді әдетке айналдырғандарға жол бермеу керектігін қатаң ескертті. Түркістан облысының шаруалары да ел дамуының негізі тек қажырлы еңбекте жатыр деп санайды. Өйткені еңбек адамы туған елінің жарқын болашағы үшін аянбай жұмыс істейді. Сондай жандардың бірі - Сайрам ауданында тұратын шаруа Сапарбай Зұлпанов қазір қара мал санын көбейтіп отыр. Ауыл тұрғындарын қолдауға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несие алған ол енді ірі қараны бордақыламақ. Осылайша отбасылық кәсібін дөңгелетіп, мол табысқа кенелуді көздейді.
Сапарбай Зұлпанов, шаруа:
Президентіміз айтқандай, еңбек еткен адамға әйтеуір тіршілік қылуға болады ғой. Ал қимылдамай жатсаң, қай жерге барсаң да, тіршілік жоқ. Үкіметке қол жайып жатқан жоқпыз. Осы шаруашылығымызбен айналысып, мынаны 2,5 пайызбен алғанбыз. Осымен күнімізді көріп отырмыз, кейде төлдерін сатамыз. Шөп-жем аламыз. Үйге керекті заттарымызды алып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы