Атырауда Білім басқармасының басшысы мен орынбасары ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Білім басқармасының басшысы мен орынбасары ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды

03.01.2019

Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы мен оның орынбасары жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Лауазым иелері мемлекеттік сатып алу шараларына қолдау көрсету үшін 10 млн. теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда. Қазір осы іске қатысты тергеп-тексеру амалдары басталды. Басқарма басшысы Қайырғали Кенжеғалиев бұл қызметке 2017 жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын. 

Серік Шапкенов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Бұл істердің барлығының да нақты кінәлілігін немесе басқасын тергеу қызметі мен сот органдары қояды. Мен қазір арнайы тексеру комиссиясы мен ішкі тексеру аудитін шақыртып отырмын. Бүкіл басқарманы тексереді. Егер де осының аясында, сіздердің тараптарыңыздан өрескел заңбұзуышылықтар болатын болса, онда ренжімеңізлер.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу