Басты Жаңалықтар «Астана Хаб» халықаралық орталығында жаңа стартап жобалардың тұсауы кесілді

«Астана Хаб» халықаралық орталығында жаңа стартап жобалардың тұсауы кесілді

Олардың көбі ІТ саласындағы жұмыстар. Қатысушылар білім беру, медицина, бизнес саласы бойынша өздерінің ерекше жобаларын таныстырды. Жалпы, байқауға 140-тан астам жұмыс түскен. Оның 27-сі іріктеліп алынды. Олар осы кезге дейін белгілі маманнан қажетті білім алды. Нарыққа қалай шығу керек, бизнеске инвестицияны қалай тарту керек деген секілді тақырыптарда білімдерін жетілдірді. Ары қарайғы жұмыстарына да қолдау көрсетіледі. 

Әділет Нұрғожин, «Astana Hub» IT технопаркінің бас директоры:

- Ең бастысы, жұмыс орны берілді. Кеңсе мәселесі шешілді. Басқа қаладан келгендерге баспана мәселесін шештік. Келесі қадамдарына қолдау көрсетеміз. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу