Шығыс Қазақстанда 127 кәсіпорын банкрот деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 127 кәсіпорын банкрот деп танылды

28.12.2018

Бүгінде оларға қатысты сот шешімі шығып қойған. Қызметін тоқтатқан нысандар қатарында құрылыс фирмасы, құс фабрикасы, механика зауыты мен басқа да ондаған өндіріс орындары бар. Жабылып қалған зауыттардың ел бюджетіне қарызы 23 миллиард теңгеге жуық. Сондай-ақ, жыл басынан бері 68 кәсіпорын қазынаға 8 миллиард берешек болып, банкрот деп танылған. Жалпы, бүгінде өңірде 241 кәсіпорынның қызметі қаралып жатыр. Бұл компаниялардың несиелік қарыз сомасы 130 миллиард теңгені құрап отыр. 

Данара Акрамова, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

- Мемлекеттік кірістер департаментімен өкілетті орган ретінде үнемі талдау жасалып, банкроттық басқарушылармен жұмыс жүргізіледі. Олар өз кезегінде сол компанияларда қандай дүние-мүлік бар екенін анықтап, сатуға қояды. Одан түскен ақшамен қарызды жабады. Ең бірінші кезекте жұмысшылар алдындағы жалақы бойынша берешек пен зейнетақы қорына аударымдар төленеді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу