Семейде күрделі жөндеуден соң әуежай ашылды
2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде нысанды жөндеуге 10 млрд. 715 млн. теңге қаржы бөлінген. 3100 метр болатын ұшып-қону жолағы әлемдік стандарттарға сай етіп жасалған. Ал, әуежай вокзалы сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алады. 36 жыл бұрын салынып, бір рет те жөндеу көрмеген ғимараттың іші де талапқа сай жаңартылған. Нысан бүгін ресми түрде қолданысқа берілді. Алайда, іші жарқырап тұрғанымен, сыртының жөндеуі аяқсыз қалған. Облыс басшысы олқылықты ретке келтіру үшін қазынадан тағы қаржы бөлеміз деді.
Даниал Ахметов, облыс әкімі:
- Сыртқы көрінісі әдемі болуы керек, соған қаржы бөлдік.
Ержан ЖАҚЫП
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
