Басты Жаңалықтар Атырау мен Маңғыстау облыстарында теміржол билеттері 20 мың теңгеге дейін негізсіз қымбаттаған

Атырау мен Маңғыстау облыстарында теміржол билеттері 20 мың теңгеге дейін негізсіз қымбаттаған

Жаз бойы Атырау және Маңғыстау облыстарында темір жол билеттері 20 мың теңгеге дейін негізсіз қымбаттаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында белгілі болды. Алыпсатарлар билеттерді сатып алып, құнынан бірнеше есе көп бағаға саудалаған. Жалпы, осындай жағдай елімізде жиілеп тұр. Әсіресе, мереке кезінде пойызға билет табу қиын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұл мәселені шешу үшін арнайы комиссия жасақтап, «Қазақстан темір жолы» қызметкерлерімен бірлесіп тексеріс жүргізіп тұрмақ.  

Зәуреш Батталова, Республикалық арнайы мониторингтік топтың өкілі:

- Маңғыстау ауданында қоғамдық мониторингтік топтар нақты бірнеше бақылау өткізді. Сол бақылау барысында олар билеттерді әдейілеп сатпағанын дәлелдеді. Сондықтан, адамдар біреудің қолынан билет алуға мәжбүр болған. Сол себепті, қолдан сатылған билеттің құны жоғары.

Сондай-ақ, агенттік өкілдері еліміздегі мемлекеттік органдар ғимаратының 382 мың шаршы метрін тиімсіз пайдаланып отырғанын жеткізді. Алдағы уақытта мемлекеттік мүлікті дұрыс қолданбайтындардың жерлері тартып алынбақ. Нақтырақ айтсақ, 163 мың шаршы метрін бизнеске, жеке немесе заңды тұлғаларға беру қарастырылмақ. Оның нәтижесінде, жыл сайын бюджет қаржысының 1 миллиард теңгесі үнемделеді. Себебі, жұмыс орнының ауқымын барынша үлкен етіп алып, кейін ол жерді мақсатсыз пайдалану мемлекеттік бюджетке шығын әкеліп отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу