Басты Жаңалықтар Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін тапты

Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін тапты

Оралда ғасырдан асқан көне үй апатты жағдайда деп танылды. Тұрғындары баспана кезегіне қойылды. Бұдан бұрын біз төбесі тесіліп, есік-терезесі опырылып тұрған тұрғын үй туралы айтқанбыз. Бірақ, баспананың апатты екені расталмаған еді. Енді, міне, мәселе оң шешілді. Тозған үйлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бұзылып, орнына басқасы салынады. Тұрғындар жаңа қонысқа көшеді.

Аслан Даубаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Достық даңғылындағы үй ХХ ғасыр басында салынған. Ағымдағы жылдың қараша айында аталған үйге техникалық сараптама жасалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, апатты деп танылды.

Гүлмира Мәжитова, қала тұрғыны:

- Сюжет шыққаннан кейін, тұрғын үй апатты деп танылды. Бізді тұрғын үй кезегіне қойды. Ұлттық арнаға алғысымызды айтамыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу