ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының сарбаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының сарбаздары марапатталды

27.12.2018

Шекара қызметі академиясының 87 жылдығына орай үздік сардарлар жауынгерлік қызметі үшін марапатталды.

Оған елдің шекара шебін күзеткен шекарашылар мен академияда оқитын болашақ офицерлер қатысты. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясы - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы бай тарихы бар шекарашы офицер кадрларын даярлайтын бірегей оқу орны. Сондықтан, мұнда Орталық Азия мемлекеттерінен келіп білім алатын шетел азаматтарының қатары қалың. Ал, оларға басшылық етіп, қырағылыққа үйрететін сардарлардың еңбегі ескеріліп, мерейтойға байлынысты марапатталды.

Ерлан Сәкенұлы, Шекара қызметі академиясы І оқу дивизионының командирі:

- Сарбаздарда бірінші кезекте адамгершілік қасиет болу керек. Өйткені, офицер болып шыққан соң, олар адамдарға жауап береді. Олар - Отанымыздың қалқаны.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу