Алматыдағы ҰҚК Шекара қызметі академиясының 200-ден астам курсанты «Лейтенант» әскери шенін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ҰҚК Шекара қызметі академиясының 200-ден астам курсанты «Лейтенант» әскери шенін алды

02.07.2019

Олар оқуларын сәтті аяқтап, нағыз әскери өмірге қанат қақты. Мерекелік іс-шара жас түлектердің офицерлік вальсімен басталды. Одан кейін академияның әскери оркестрі рухты көтеретін композицияларды орындап, сарбаздар жауынгерлік ұрыс түрлерін көрсетті. Дипломдарын қолдарына алған түлектер салтанатты түрде Отан алдында адал қызмет етуге ант берді.

Аслан Жексенбин, ҚР ҰҚК шекара қызметі академиясының түлегі:

Шекара қызметі академиясын бітіргелі бар қуаныштымын. Ең біріншіден «Лейтенат» шенін алдым біріншіден. Кейін шекараға барам. Ең біріншіден шекарамыз мықты болсын, берік болсын. Ешқашан осы шекарамызды басқа елге сатпауға сөз берем.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу