Алматыда шекара қызметінің 54 курсанты коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шекара қызметінің 54 курсанты коронавирус жұқтырған

17.04.2020
Алматыда шекара қызметінің 54 курсанты коронавирус жұқтырған

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың қатарында ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары да бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

«Шекара қызметі академиясы курсанттарынан коронавирус індеті анықталды. Алғашында 14 адамнан шыққан. Қазір 54 курсанттың осы індетті жұқтырғаны расталды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдауда»,– деді Тілеухан Әбілдаев.

Хабарламаларға жазылу