«Ақсауыт» Шекара академиясының тыныс-тіршілігін көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауыт» Шекара академиясының тыныс-тіршілігін көрсетеді

31.03.2014
«Ақсауыт» Шекара академиясының тыныс-тіршілігін көрсетеді
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясы мемлекеттік шекараны қорғайтын мамандарды даярлау бойынша ежелгі оқу ордасы саналады.
 
Елімізден тысқары елдерде де танымал оқу орны қазір де кәсіби маманданған, білімді де білікті офицерлерді даярлауды жалғастырып келеді.
 
Қазіргі таңда оқу ордасының офицер түлектері тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік шекарасының қорғалуын қамтамасыз етіп, Шекара қызметінің бірлестіктері мен құрамаларына және бөлімдеріне басшылық жасауда.
 
ҰҚК Шекара академиясының тынысы туралы бүгін, 13.25-те «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу