Мемлекеттік қызметтегі жемқорлықпен күреске күзетшілер де атсалысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметтегі жемқорлықпен күреске күзетшілер де атсалысады

26.12.2018

Мемлекеттік қызметшілердің сыйлық алмауын күзетшілер де қатаң бақылайды. Павлодар облысы аумағындағы әкімшілік, департамент, басқарма мен бөлім ғимараттарындағы күзетшілерге осындай міндет жүктелді. Республикалық жемқорлыққа қарсы медиаорталық, Полиция департаменті және күзет агенттіктері бірлесіп меморандумға қол қойды. Енді күзетші мемлекеттік мекемеге келген адамның қолындағы заттарын тексеруге құқылы. Ал, егер тарту-таралғы бергені анықталса, оны ұсынған азамат та, алған шенеунік те жазаланады. Яғни, сыйлықтың құнынан бірнеше есеге артық көлемде айыппұл төлейді. 

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

- Әр азамат өзімен сыйлық алып келсе, күзетші оған оның құқығын түсіндіреді. Осы сыйлық үшін сіз заң бойынша қудаланасыз, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз деп алдын ала профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу