Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы халықаралық конференция өтті

10.12.2019

Сыбайлас жемқорлықпен күреске халықаралық тәжірибені пайдалану заман талабы. Елордада сала мамандарының дәстүрлі халықаралық конференциясы өтіп жатыр. 10-нан астам елден келген агенттік қызметкерлері бір-бірімен тәжірибе алмасып жатыр. Бармақ басты көз қыстылықтың алдын алуға бағытталған ірі жобалар, жұмыс жоспарлары, Заң жобалары, жемқорларды жазаға тарту сияқты өзекті тақырыптар ашық көтерілді. Әсіресе, мемлекеттік құрылым мен жастар арасындағы заң бұзушылықтардың өзектілігі жоғары. Біздің мамандар Еуропа елдеріндегі жұмыс тәртібінен үйренеріміз көп екенін айтты. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу