Ирак полициясы демонстрантқа оқ атты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак полициясы демонстрантқа оқ атты

04.10.2019

Ирак полициясы көшеге шыққан мыңдаған демонстрантқа оқ атты. Соңғы мәліметке қарағанда, кемінде 27 адам мерт болып, 600-ден астамы жараланған. 

Жұмыссыздыққа, коррупцияға, мемлекеттік қызметтердің нашарлығына қарсы шерулер елдің барлық аумағында үш күннен бері өтіп жатыр. Оған қатысушылар қазір үкіметтің ауысуын талап ете бастады.

Қауіпсіздік күштері Бағдад, Насирия, Рифае қалаларында манифестанттарға оқ жаудырған. Сонымен қатар, ел астанасы мен оңтүстіктегі үш шаһарда коменданттық жағдай жарияланды. 

Премьер-министр Әбдул Махди теледидар арқылы мәлімдеме жасап, әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындарды негізгі табыспен қамтамасыз ету туралы заң қабылдауға күш салатынын айтты. Және де ол министрлерді жемқорлықпен күреске шақырып, қордаланған проблемаларды шешудің сиқырлы жолы жоқ екенін де атап өтті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу