Еліміз ет экспорттаушы 20 елдің сапынан табылуға тырысып бағуда. Талпыныс табысты. Биыл мал өсірушілер 20 мың тоннаға жуық ет өткізген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық делінді агросаланы қорытындылау жиынында. Осы ретте, сиырдан бөлек, қой басын 40% көбейтіп, соның өнімін сыртқа шығару жоспарланған. Бүгінге дейін Иран, Бахрейн және Өзбекстан мемлекетіне 4 мың тоннадай қой еті сатылған. Мал шаруашылығында есеп түгел болғанымен, көкөніс пен жеміс өсіруде кемшіліктер бар. Яғни, қазір органикалық өсімдікке сұраныс жоғары. Бірақ, бізде онымен айналысатын қожалықтар саны саусақпен санарлық. Ал, шетелдің сұранысын қамтамасыз етуге халықаралық стандарттар бекітілмеген. Міне, осы мәселені реттейтін заң былтыр қабылданды.
Шаймерден Ахметов, ҚР АШМ Нарықтарды дамыту департаменті директорының орынбасары:
- Қазір заңнамалық актілер әзірленіп жатыр. Осыдан бастап әлеуетіміз іске асырыла бастайды деп сенеміз. Заңнамалық база біткен күнде де органикалық өнім бірнеше жыл таза жерде өсірілуі керек. Бақылап отыру керек. Содан кейін ғана тесттен өтті деген белгі қойылады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.