Ресейдің Түмен облысында Қазақ мәдениеті күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Түмен облысында Қазақ мәдениеті күндері өтті

26.12.2018

8 күнге созылған іс-шара Қазақстан мен шекаралас Казанка ауылында қорытындыланды. Осы уақыт аралығында көрші мемлекеттегі жоғарғы оқу орындары мен мәдениет ошақтарында қазақтың ұлттық өнері мен салт-дәстүрі насихатталып, тарихы жайлы ашық сабақтар өтті. Ал, Петропавлдан арнайы барған музей қызметкерлері «Ұлы Абылайдың ордасы» деп аталатын көрме ұйымдастырды. Жиын соңы екі ел өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.  

Есенғали Ыбыраев, Түмен облысы қазақтары ұлттық- мәдени автономиясының президенті:

- Бұл іс-шараны Казанкада өткізіп жатқанымыздың өзіндік себептері бар. Біріншіден, бұл аудан Қазақстанға ең жақын орналасқан аудан болып есептеледі. Сондықтан, көрші елден келетін қонақтарға барынша ыңғайлы жағдай жасағымыз келді. Екіншіден, Түмен қазақтарының басым бөлігі осында тұрады. Біздің Қазақстанмен ара-қатынасымыз тек өнер саласымен шектелмейді. Басқа да бағыттарда көптеген ортақ келісімдер жасалды. Достығымыз баянды болады деп сенеміз. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу