Петропавлда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғаумен айналысатын мекеме Оқушылар сарайында орналасқан. Мұнда 5 маман жұмыс істейді. Басты міндеті - сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Жұмыс қоғамдық бақылау негізінде жүргізіледі. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету барысында жіберілетін олқылықтарды жою мақсатын көздейді.
Олжас Бектенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:
- Сыбайлас жемқорлықты жою үшін оның себептерін анықтап, тиісті талдау жасап, жоятын боламыз. Жобалық офисте тиісті мамандар жұмыс істейді. Басты бағыттар - білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының жұмысын талдау.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.