Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында айтылғандай 15 мыңнан астам заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 13 мыңға жуығы бірінші рет ескерту алған. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Қазір бұл құзірет Әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына берілді. Нәтижесінде тұрғындар ары-бері сандалмай, құжатты бір жерге барып тапсыратын болды. Бұл уақытты үнемдеуге сеп болып отыр. Тіркеу мәліметтерінің болмауы немесе мүліктің уақытылы тіркелмеуі меншік құқығын жоғалтуға алып келетіні белгілі. Мүлікті жалған құжаттармен тіркеу фактілері де бар. «Сондықтан, мұндай әрекеттерге блокчейн технологияларын енгізу есебінен тосқауыл қоюға болар еді», - дейді депутаттар. «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде сатып алынатын үйді рәсімдеу үшін біраз уақыт жоғалтатыны да айтылды.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.