Ақтөбелік мамандар пиротехникалық өнімді заңсыз саудалағандардың жолын кесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік мамандар пиротехникалық өнімді заңсыз саудалағандардың жолын кесті

24.12.2018

Алыпсатарлар көбіне айласын асырып, тыйым салынған заттарды тығып сатады. Осы жолы тәртіп сақшыларына тұтылғандары өнімнің рұқсат қағазын тауып бере алмады. Тіпті, өздерінің де жеке куәлігі жоқ болып шықты. Хаттама толтырылды. Құқық қорғаушылар мереке күндері осындай өнімдердің кесірінен жазатайым оқиғалардың жиілегенін айтады. Сондықтан, бүлінген және күдік тудыратын өнімдерді сатып алмауға кеңес береді.

Нұрлыбек Көңілқошов, учаскелік инспектор:

- Қандай да бір құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында біз іс-шара жүргізіп жатырмыз. Анықтаған жағдайда заңды шара қолданамыз. Иесіне әкімшілік айыппұл салынады.

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу