Сенатта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеу жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеу жайы талқыланды

21.12.2018

Елімізде алты жыл бұрын жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы бекітілген. Оны іске асыру үшін Парламент жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, оның ішінде жергілікті органдардың өкілеттіктерін айқындауда бірқатар заң қабылдады. Сондай-ақ, олардың қаржылай дербестігін кеңейтуге арналған жұмыстар да атқарылды. Өзін-өзі басқару реформаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жетілдіру жайы бүгін Парламент Сенатында талқыланды. Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов жергілікті өзін-өзі басқару қазіргі замандағы демократияның басты діңгегі екенін атап өтті.

Сергей Громов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- Мемлекет басшысының Ұлт жоспары аясында мемлекет алдында мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін нығайту туралы міндет алға қойылды. Сондықтан, бүгінгі кездесуде Қоғамдық кеңестердің қызметін талқылаудың маңызы зор, олар мемлекеттің және қоғамның негізгі талап-тілектері мен мүдделерін көрсетеді.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу