Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысының гарнизондарына барды, Алаштың айбынды сарбаздарының жоспарларымен танысты. Жуалы және Рысқұлов аудандарында орналасқан әскери бөлімдерді тексерді. Мотоатқыш, танкті және барлау бөлімшелерін, сондай-ақ, жекелеген бағыттарда орналасқан таулы-егерьлік полкті көрді. Жауынгерлік-даярлық процесін ұйымдастыру, қоймаларда оқ-дәрілерді сақтау тәртібі, сондай-ақ, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ведомство басшысы Гвардейск гарнизонының құрамалары мен бөлімдерін тексеріп, дабыл бойынша жеке құрамның практикалық іс-қимылдарын бақылады. Әскери бөлімдердің инфрақұрылым объектілерін, полигондардың оқу-материалдық базасын, әскери қалашықты, гарнизонның әлеуметтік және мәдени-тынығу мекемелерін де көрді. Жалпы, қазақтың қауқары - әскери жауһары. Сондықтан да, бұл сала қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін бірқатар тапсырмалар да жүктелген еді.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
