Жаңа жылдан бастап Астанада электр энергиясының бағасы киловатына 14 теңгеден 12 теңгеге арзандайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты. Қалаға электр қуатын тарататын мекеме қазір «Астана энергия» компаниясынан киловатын 7,5 теңгеден сатып алып жүрсе, жаңа жылдан кейін 6 теңгеден алады. Осылайша, ақпан айынан бастап астаналықтар арзандатылан тарифпен төлейді.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- 2019 жылы қуат нарығы енгізіліп жатыр. Қарапайым сөзбен айтқанда, қазіргі электр энергия тақырыбы екі деңгейге бөлінеді. Біріншісі, ол осы негізгі тариф. Оның ішіне шығаратын шығын. Екіншісі, қуат нарығы, ол инвестиция мәселесі, күрделі жөндеу модернизация жасау мәселесіне қарастырылады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.