«Ембімұнайгаз» компаниясының жұмысшыларын кәсіподаққа күштеп тіркеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ембімұнайгаз» компаниясының жұмысшыларын кәсіподаққа күштеп тіркеген

21.12.2018

Атырауда «ЕмбіМұнайГаз» компаниясы жұмысшыларды кәсіподаққа мүше болуға заңсыз міндеттеген. Мекеме басшылығы кәсіподаққа кірмегендерге әлеуметтік қолдау мен өзге де жеңілдіктердің жасалмайтынын алға тартқан. Сондықтан, 5 мыңнан астам жұмысшысы жеңілдіктен қағылмау үшін амалсыз жалақыларының 1 пайызын жарна ретінде төлеп,  кәсіподаққа мәжбүрлі түрде мүше болған. Облыс прокурорларының араласуынан кейін қызметкерлерге қойылған негізсіз талаптың күші жойылды. 

Қанат Қабдолов, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі:

- Облыс прокуратурасының қадағалау актісімен ұжымдық шарттан, кәсіподаққа қатысты заңсыз талап алынып тасталып, 5 мыңнан астам жұмысшы заңсыз талаптарды орындаудан босатылды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу