Қазақстан Тәуелсіздік алғалы әлем таныған мемлекетке айналды. Бұл ең әуелі елдегі тұрақтылық пен татулықтың жемісі. «100-ден астам мен ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп, ел дамуына өз үлесін қосуда», дейді теріскейлік этномәдени орталықтардың өкілдері. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық сессиясында бас қосқан олар атқарылған жұмыстарын қорытындылап, жоспарларымен бөлісті. Бірінші кезекте Ассамблеяның жұмысын жетілдіріп, жаңа бастамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Ресейдің көршілес аймақтарымен қарым-қатынасты нығайтуға басымдық берілмек.
Қайрат Оралов, РФ Қорған облысы Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы:
- Мақтан тұтар дүниелер өте көп. Сондықтан, Қазақстанға келгенде ерекше сезімге бөленеміз. Осындай қысқа уақытта іргелі мемлекетке айналып, әлем танитын деңгейге жетті. Әрине, Қазақстанның мәртебесі биік болғаны бізге, шетелдерде тұрып жатқан қазақтар үшін жанға медеу, үлкен мақтаныш.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.