Басты Жаңалықтар Қарағандыда шаруашылықтар баламалы қуат көздерімен қамтылды

Қарағандыда шаруашылықтар баламалы қуат көздерімен қамтылды

«Жайылым жерлерді суландыру» бағдарламасының арқасында енді қиырдағы қыстаулардың барлығы да баламалы қуат көзімен қамтылмақ. Бір ғана Қарағанды облысының өзінде жыл басынан бері 573 шаруа қожалығы Күн панельдерін орнатқан. Шағын электростанция сағатына шамамен 3-5 киловатт тоқ өндіреді. Бұл құдықтан су соруға жеткілікті. Сондықтан, мал шаруашылығымен айналысатындар үшін аса тиімді болып тұр. Ең бастысы, Күн панелін алуға жұмсалған қаржының 80 пайызы фермерлерге қайтарылады. Жыл соңына дейін өңірдегі тағы 200 шаруашылыққа тоқ берілмек.  

Ерлан Түсіпханов, фермер:

- Өте жақсы болды. Малымызды осымен суарамыз. Жаздың күні тоңазытқышымызды қосамыз. Өте жақсы. 3,5 кВт береді, әзірге жетеді. Екеуін алдым, үшіншісін тағы аламын деп отырмын.

Сырым Бошпанов, Қарағанды облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Биылғы жылы Қарағанды облысы бойынша баламалы электр қуатын орнатқан 573 шаруашылық бүгінгі күнге 2 миллиард 80 миллион теңгеге субсидияланды, ақшасы қайтарылып берілді. Жылдың аяғына дейін тағы 200-ге тарта шаруашылықтарға осындай баламалы электр қуаты берілмекші.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу